Жаңалықтар тізбегі
0

"Манчестер Сити" - "Ливерпуль": Айдын Қожахметтің ойынға қатысты болжамы

Париматч сарапшысы болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2023 16:39 Сурет: parimatch.kz
Соңғы жылдардағы Англияның ең мықты клубтары бір-бірімен қарым-қатынастарын біршама ерекше анықтайтын болады.

Бүгінде бұл атақ үшін жекпе-жек емес, олар бір-бірімен чемпиондық атақ үшін бәсекелеске түсіп жатқан жоқ. Дегенмен, бұл турдағы сүйікті командалар арасындағы матчы болғандықтан, бұл ойын бүкіл әлемнің назарына ілінетін болады.

Бұл бәсекелестік соңғы 5 жылда әлемдік футболдың басты оқиғасына айналды. Пеп Гвардиоланың Юрген Клоппқа қарсы шайқасы - жоғарыда айтылғандардың түп қазығы.

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы матчқа қатысты өз болжамымен бөлісті.

"Манчестер Сити"

Қазіргі чемпион "Мерсисайдтарға" қарағанда, әлі де алтын медальға үміт арта алады. Дегенмен, өткен әр тур сайын "Арсеналдың" 5 ұпайлық алшақтығы Гвардиола командасын бас жүлдені қолына түсіруден алшақтатуда. "Сити " үшін осы шайқаста "Ливерпульді" жеңу барлық жағынан өте маңызды болып отыр. Алайда, бұл жоспарды супербомбардир Эрлинг Холландсыз іске асыру өте қиын болады. Өйткені, норвегиялық шабуылшының ойын алаңында алған жарақатына байланысты ұлттық құраманың өткізген матчтарын жіберіп алуға мәжбүр болған, бұл жекпе-жекке қайта оралып үлгермейтініне де көзіміз жетіп отырған сияқты.

Холланд "Ситидің" жалғыз шығыны емес: сол сияқты Фил Фоден де жарақат алған. Алайда Гвардиола шабуылды орындаушылардың арасынан таңдау жасау мүмкіндігіне бай. Сондықтан "қала тұрғындары" қонақтардың қорғанысын бұзуға тырысады.

"Ливерпуль"

Юрген Клопп та ұзақ уақыт бойы толық саптағы құраммен мақтана алмай келеді. Тиаго Алькантара команданың басты ойыншысы әлі де жарақатынан айықпаған. Лазаретте оған жас испандық Байчетич қосылды. Джо Гомес, Луис Диас, Константинос Цимикас сенбіге дайын бола ма, жоқ па белгісіз. Дегенмен, "мерсисайдтар" "Сити" үшін әрқашан қиындық туғызатын қарсылас болып қала береді. Оған қоса, Чемпиондар Лигасынан шығып кетуден басқа амалдары жоқ, сондықтан "Ливерпуль" енді бар күшін АПЛ-дағы табысқа жұмылдыруы керек.

Жеке кездесулер тарихы

Соңғы жылдары бұл қарсыластардың ойын алаңындағы бас түйістірулерінің нәтижесіз өтуі сирек кездеседі. Соңғы 5 кездесуде тек бір рет қана үш голдан кем соғылған. Көп жағдайда Клопптың командасы жеңісті қанжығасына байлап шығады екен.

Матчқа болжам

Командалар көп гол соғып, бір-бірімен ашық футбол ойнауға дағдыланғандықтан, бұл жолы да көптеген голдарды көреміз деп ойлау қисынды. Матчтың жалпы тоталына ұтыс тігуге болады. 2,5 артық нұсқасына менің Parimatch-тегі серіктестерім 1.66 коэффициентін ұсынып отыр.

Бірақ менің ойымша, "Ситидің" жеке тоталындағы 1,5 астам нұсқасы дәлірек болып көрінеді. Бұл оқиғаның коэффициенті де шамалас болып келеді – 1.61.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

«Манчестер Сити» - 1.66, Тең ойын - 4.20, «Ливерпуль» - 5.10


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: