Жаңалықтар тізбегі
0

"Тынығатын кез жетті". Рыбакина Miami Open финалынан кейін мәлімдеме жасады

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2023 14:18 Сурет: instagram.com/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 Miami Open турнирінің финалынан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін қиын күн, екінші орын, бірақ мұндағы екі аптадан көптеген позитив алуға болады. Барлығына қолдағаны үшін рақмет. Демалатын және топырақты маусымға дайындалатын кез жетті", - деп жазды Елена Рыбакина Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, бүгін, 2 сәуірде Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open финалында жеңілді.

Елена Рыбакина финалда әлемнің 12-ракеткасы Петра Квитовамен ойнады. Қазақстандық теннисші 6:7(14), 2:6 есебімен жеңілді.

Майамидегі турнирдің финалында жеңіске жеткен чехиялық теннисші Петра Квитова Елена Рыбакинаны кейінгі бір жылда жеткен жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта сәттілік тіледі.

Жеңілгеніне қарамастан, Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалы үшін 650 рейтингтік ұпай мен 662 360 доллар сыйақы алады.

Ал Miami Open-2023 чемпионы Петра Квитова 1 000 рейтингтік ұпай мен 1 262 220  доллар жүлде алады.

Еске салайық, 14-15 сәуірде Елена Рыбакина Астанада қазақстандық команда сапында Билли Жан Кинг кубогында Польша құрамасына қарсы ойнайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: