Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада шахматтан Қазақстан мен əлем құрамасы арасындағы матчтың бірінші күні аяқталды

шахмат, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2023 23:17 Сурет: nstagram.com/drs_kz/
Астанада шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының әлем әйелдер командасына қарсы ойынының бірінші күні өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Қазақстан астанасында әлемде тұңғыш рет бір елдің шахматтан әйелдер құрамасы әлем құрамасына қарсы ойнады. Бұған дейін мұндай жарыс үш рет тек ерлер құрамалары арасында өткізілген.

Әр құрама екі командадан тұрады. "А" командаларының құрамында төрт ересек спортшы бар. Ал "В" командалары – 14, 16, 18 және 20 жасқа дейінгі спортшылар.

Бірінші жүріс құқығы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловқа берілді.

Матчтың жеребе тарту нәтижесі бойынша, Хоу Ифань қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасоваға қарсы қара фигуралармен ойнады. Үндістандық шахматшы Харика Дрюнавалли Меруерт Камалиденоваға қарсы шықты. Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Ассаубаева ойынды Әзірбайжан өкілі Гүнай Мамедзадэге қарсы бастады. Гроссмейстер Жансая Әбдімәлік те грузин шахматшысы Нана Дзагнидзеге қарсы қара фигурамен ойнады.

Жасөспірімдер арасында жеребе былай шықты: қазақстандық Зарина Нұрғалиева өзбекстандық Афруза Хамдамоваға қарсы ақ түсті, ал Ксения Балабаева болгариялық Нұргүл Салимоваға қарсы қара түсті фигуралармен ойнады. Венгриялық Жока Гаал қазақстандық Алуа Нұрмановаға қарсы қара түсті, үндістандық шахматшы Шри Б.Савита жерлесіміз Лия Құрманғалиеваға қарсы қара түсті фигуралармен бастады.

Бүгін қыздар рапид бойынша 4 раунд ойнады. Кездесудің бірінші күні шетелдік спортшылардың басымдығымен аяқталды. Қазақстан командасы 13,5 ұпай, ал әлем құрамасы 18,5 ұпай жинады. Хоу Ифань Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлікпен тең түсіп, Меруерт Камалиденованы ұтып, Бибісара Асаубаевадан ұтылды.

Ертең олар рапидтің тағы 4 раундын, ал 19 сәуірде сегіз раундтық блиц ойнауы керек. Осымен жеңімпаз құрама белгілі болады. Әйелдер арасындағы командалық матчтың жалпы жүлде қоры - 50 000 доллар.

Матчтың жеңімпаз командасы барлық ойындарда, соның ішінде рапид пен блицте жиналған ең көп ұпай саны бойынша анықталады. Ұпай тең болған жағдайда армагеддон-партия ойнатылады. Онда фигура түсі жеребе арқылы анықталып, жылдам ойында тең түссе, жеңіс қара фигураға беріледі.

Әйелдер арасындағы кездесу Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь арасында өтіп жатқан классикалық шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды. Чемпионат 1 мамырға дейін жалғасады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: