Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын ұтты
18 мамырға қараған түні Римде әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Ига Свентектен бұрын-соңды болмаған жеңіске жетті. Рыбакина бірінші сетте поляк теннисшісінен 2:6 есебімен ұтылып қалғанымен, Елена екінші сетте кері серпілді.
Тай-брейкте Елена Рыбакина қарсыласын 7:6 есебімен ұтты. Үшінші сетте 2:2 есебімен қазақстандық спортшының қарсыласы жарыстан шығып қалды. Оның себебі жарақат болды.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығып, әлемдік рейтингте 20-шы орында тұрған латвиялық теннисші Елена Остапенкомен кездеседі.
Айта кетерлігі, Қазақстанның бірінші ракеткасының таңғаларлық жеңісі әйелдер теннисі қауымдастығында бірден атап өтілді.
"Сене аласыз ба? Рыбакина қиядан қайтып келіп, тай-брейкте екінші сетті алады!" – деп пікір білдірді бірлестікте.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші және әлемнің алтыншы ракеткасы чехиялық Маркета Вондроусованы (No70) 74 минутта – 6:3, 6:4 есебімен ұтқан болатын. Жеке кездесулерде қазір есеп 1:1. Жеңіс Рыбакинаға турнирдің ширек финалына шығуға мүмкіндік берді.