Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" үшінші кезеңіне өтті

"Ролан Гаррос" турнирі, теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 17:20 Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның ашық біріншілігінің жекелей сынында Чехияның тағы бір өкілі – Линда Носкованы ұтып, үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 маусымда әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 50-орында тұрған Линда Носковамен еш қиындықсыз жеңді.  Бастапқы сетте екі брейк жасаған әлемнің 4-ракеткасы оны 46 минутта 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Екінші ойында Рыбакинаға аянбай тер төгуге тура келді. Ал жетінші ойында Линда қазақстандық теннисшіні қобалжытты. Алайда жеңіс Еленаға бұйырды, сөйтіп ол 6:3 есебімен жеңді, онымен бірге матч та аяқталды.

Енді "Ролан Гаррос-2023" турнирінің үшінші раундында Рыбакина WTA рейтингінің 132-сатысында тұрған испандық Сара Соррибес Тормомен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: