Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалында ұтылып қалды
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда жарыстың бірінші ракеткалары, нидерландтық Уэсли Колхоф - ұлыбританиялық Нил Скупскимен ойнады.
Финалдық кездесу екі сетте 7:6 (7:1), 6:2 есебімен Нил мен Уэслидің пайдасына аяқталды.
Александр Недовесов үшін бұл биылғы жұптық ойын бойынша ATP 250 сериясындағы екінші финал болды. Ол сәуірде португалиялық Франсиско Кабралмен бірге Банья-Лукадағы жүлде қоры 630 мың еуродан асатын турнирдің финалына шықты, бірақ осы жарыстың бірінші ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей мен жаңазеландиялық Майкл Винустан жеңіліп қалды. Жалпы қазақстандық теннисші спорттық карьерасында жұптық сайыс бойынша ATP 250 сериясындағы төрт турнирдің финалына шықты.