Александр Недовесов Болгариядағы турнирдің финалында ойнайды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов София (Болгария) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда аустралиялықтар Джон Патрик Смит – Макс Перселмен ойнады.
Бірінші сетте қазақстандық-эквадорлық теннисшілер 6:3 есебімен жеңді. Екінші сетте де 6:2 есебімен басым түсті.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Александр Недовесов – Гонсало Эскобар 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Енді Александр Недовесов – Гонсало Эскобар финалда жарыстың 3-ракеталары, ұлыбританиялық Джулиан Кэш – хорватиялық Никола Мектичпен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript