Жаңалықтар тізбегі
0

Англия футболдан жастар арасындағы 2023 жылғы Еуропа чемпионы атанды

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2023 13:30 Сурет: Instagram/uefa_official
Англия жастар құрамасы (U-21) Грузияның Батуми стадионында өткен соңғы матчта Испания құрамасын 1:0 есебімен жеңіп, Еуропа чемпионатының алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпион тағдырын ағылшын жастарының орындауындағы жалғыз гол шешті. "Ливерпульдің" жартылай қорғаушысы – Кертис Джонс жеңімпаз голдың авторы атанды. Испандық құрамада жағдайды реттеу мүмкіндігі болды, бірақ форвард Абель Руис төреші қосқан қосымша уақытта пенальти соға алмады, деп хабарлайды UEFA баспасөз қызметі.

"Біз тура осы сәт туралы көп талқыладық, жеңетінімізді сездік те, біздің жарқ ететін уақытымыз келді деп ойладық. Бізге үлкен қысым болды, барлығы біздің жетістікке жеткенімізді қалады, өйткені біз өте жақсы командамыз. Бір үлкен отбасы сияқты бұл жеңісті бәріміз бірге тойлаймыз". Тейлор Харвуд-Беллис, Англия капитаны

Англия мен "Ньюкасл" жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Энтони Гордон Еуро-2023-тің (U21) үздік ойыншысы атанды. Осы турнирдің 6 матчында ол екі гол соғып, бір рет ұтымды пас бере білді.

Ағылшындар үшін бұл жеңіс - Еуропа чемпионаты тарихындағы үшіншісі, бұған дейін олар 1982 және 1984 жылдары жетістікке ие болған. Ал испандық құрама Еуропаның бес дүркін чемпионы атанған болатын. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: