Уимблдон-2023: Елена Рыбакина жартылай финалға шыға алмады

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 20:33 Сурет: Instagram/lenarybakina
Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалында Тунис теннисшісі Онс Жаберден ұтылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч 1 сағат 54 минутқа созылды. Есеп - 7:6 (7:5), 4:6, 1:6.

Уимблдон чемпионы Рыбакина ойын барысында 7 эйс жасады, 3 қос қателікке жол берді және 9 брейк-пойнттың екеуін ғана сәтті жүзеге асыра алды. Онс Жабер болса, 8 эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және 9 брейк-пойнттың бесеуін сәтті орындады. 

Осылайша былтырғы Уимблдон финалында Рыбакинадан ұтылған Жабер реванш жасады.

Финалға шығу үшін енді Жабер беларусь теннисшісі Марина Соболенкомен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: