Уимблдонның екі дүркін чемпионы бапкеріне үйленді

Петра Квитова, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2023 16:24 Сурет: instagram.com/petra.kvitova/
Әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы, чех теннисшісі Петра Квитова бапкері Иржи Ванекке үйленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлі-зайыпты үйленетінін былтырғы жазда, тамыз айының соңында жариялады. Ванек Квитоваға үйлену туралы ұсынысын Петра үшін ерекше жерде - Уимблдонда жасады.

"Мистер және миссис. 22.07.2023", - деп жазды Петра Квитова.


Иржи Ванек - бұрынғы чех теннисшісі, 2011 жылы карьерасын аяқтады, оның ATP рейтингіндегі ең жоғары позициясы 74-орын болды (2000 жылы). Ол Квитовамен 2016 жылдан бері жұмыс істейді.

Осы жылғы Уимблдонда әлемнің сегізінші ракеткасы Петра Квитова 1/8 финалға шығып, туристік теннисші Онс Жаберден жеңіліп қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: