Чех теннисшісі Маркет Вондроушова Уимблдонның финалына өтті
Сурет: Instagram/marketavondrousova
Әлемнің 42-ші ракеткасы, чех теннисшісі Маркет Вондроушова Уимблдонның финалисі атанды. Ол - үздіктерге жатпайтындар арасынан 1963 жылдан бері алғаш рет финалға суырылып шыққан ортаңқол спортшы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Championat.com-ның мәліметінше, Маркет - осы дәуірдегі (1968 жылдан бастап) үздіктер қатарына енбей-ақ "Үлкен дулыға" турнирінің финалына шыққан жалғыз теннисші.
Уимблдон-2023-тің жартылай финалында Вондроушова 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, Украина өкілі Элина Свитолинаны (WC, WTA рейтингісінде 76-шы орын) 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Финалда Вондроушова Онс Жабер (Тунис, 6, былтырғы турнирдің финалисі) – Арина Соболенко (Беларусь, 2) матчының жеңімпазымен ойнайтын болады.
Маркеттің "Үлкен Дулыға" турнирінің финалына бұл бірінші рет шығуы емес екені де айтылады. 2019 жылы чех теннисшісі "Ролан Гаррос" турнирінің финалына дейін жеткен екен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript