XXXII жазғы Дүниежүзілік Универсиадада Қазақстан спортшылары да бағын сынап жатыр

Суға жүзу, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2023 18:47 Сурет: Суға жүзу және су спорты түрлері федерациясы
Ченду қаласында (Қытай) XXXII жазғы Дүниежүзілік Универсиада өтіп жатыр, оған әлемнің 113 елінен 6500-ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандық спортшы Әділбек Мусин Чэнду қаласында 50 метр қашықтықта баттерфляй бойынша бағын сынауда. Соңғы рет суға жүзуден Әділбек 23,70 секунд нәтижені көрсетіп, 6-орын иеленді.

Бірінші болып Германия спортшысы ARMBRUSTER Luca Nik келді. Ол 23,22 секундта аталған қашықтықты игеріп, үздік деп танылды. Екінші және үшінші болып Польша спортшысы MAJERSKI Jakub Bartosz (23,22 секунд) және италияндық ГАРГАНИ Лоренцо (23,39 секунд) келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: