Қазақстан Германиядағы жазғы Универсиадада алғашқы "алтынды" жеңіп алды

Қазақстан Германиядағы жазғы Универсиадада алғашқы "алтынды" жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 01:10 Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
22 шілдеде Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпион атанған — Самирхон Абабакиров. Ол таэквондо спорт түрі бойынша 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Финалда қазақстандық спортшы Түркия өкілін сенімді түрде жеңіп, командасына осы ойындардағы алғашқы алтын медальді алып келді.

Өткен жарыстар қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде: бір алтын және алты қола медаль бар. Турнир жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: