Қазақстандық дзюдошылар 2025 жылғы Универсиададағы алғашқы медальдарын жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар 2025 жылғы Универсиададағы алғашқы медальдарын жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 17:11 Сурет: olympic.kz
Германияда өтіп жатқан 2025 жылғы Универсиадада Қазақстан құрамасы дзюдодан екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дзюдо сайыстарының алғашқы күнінде финалдық кезеңге екі қазақстандық спортшы жолдама алып, нәтижесінде үшінші орыннан көрінді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан қола медаль үшін өткен белдесуде грузиялық Лука Модебадзені жеңіп шықты.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Серікбаев украиналық Микита Холобородькодан басым түсіп, үшінші орынға ие болды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: