Александр Недовесов Аустриядағы турнирдің финалында жеңілді

Александр Недовесов , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2023 10:41 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар Кицбюэльдегі (Аустрия) ATP 250 сериясындағы турнирдің финалында жеңілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шешуші кездесуде қазақстандық-эквадорлық теннисшілер корт қожайындары Александр Эрлер мен Лукас Мидлерден 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл - Недовесов пен Эскобардың осы маусымдағы ATP турнирлеріндегі үшінші бірлескен финалы.

23 шілдеде Александр мен Гонсало Бастада (Швеция) өткен ATP 250 жарысында жеңіске жеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: