Жаңалықтар тізбегі
0

"Енді Қазақстанның атынан өнер көрсетемін". Жүзуден Ресей чемпионы қазақ тілінде видео жариялады

София Сподаренко, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 01:50 Сурет: instagram.com/sofyaspodarenko/
50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Ресей чемпионы, 25 жастағы София Сподаренко Instagram-дағы парақшасында жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сәлеметсіз бе! Менің атым - София Сподаренко. Өз аудиторияма ақыры бұл жаңалықты айтқалы отырмын, мен мұны жасырған жоқпын, бірақ барлық процесс аяқталғанша көпшілікке жария ете алмадым. Ал бүгін мен Қазақстанның атынан кәсіби спортшы ретінде өнер көрсететінімді қуана хабарлағым келеді". София Сподаренко

Спортшы әрі қарай қазақша сөйлеп, өзін Қазақстан атынан өнер көрсетуге рұқсат берген федерацияға алғыс айтты.

"Мені қабылдаған Қазақстан Республикасының су спорты түрлері федерациясына және барша қазақ еліне алғысымды білдіремін. Менің жанұям осы жерде туып-өскендіктен, мен қазір бойымдағы ең жақсы қасиеттердің қайдан дарығанын түсініп отырмын", - деді ол.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: