Денис Евсеев "Челленджер" турнирінің ширек финалына шықты

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 23:36 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің 307-ракеткасы Денис Евсеев Польшаның Гродзиск-Мазовецкий қаласында өтіп жатқан "Челленджер" сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денис Евсеев турнирдің 1/8 финалында әлемнің 102-ракеткасы, чехиялық теннисші Томаш Махачты 7:5, 7:6 (7:5) есебімен ұтты.

Қазақстандық теннисші енді ширек финалда әлемнің 345-ракеткасы француз Максим Жанвьемен ойнайды. 

Еске салайық, бұған дейін Денис Евсеев Астанадағы "Челленджер" турнирінің финалында жеңіске жеткен еді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: