Жаңалықтар тізбегі
0

Бауыржан Исламханға Германияда ота жасалды

Бауыржан Исламхан, Германия, ота , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 18:22 Сурет: Instagram/fc__ordabasy
Шымкенттің "Ордабасы" командасы мен футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханға Мюнхендегі ауруханалардың бірінде ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Түркістан облысындағы клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде таратты. Онда футболшының оң аяқ тізесінің менискалары мен байламдарына ота сәтті жасалғаны, енді хаттамаға сәйкес ем-дом шаралары жүргізілетіндігі айтылған.  "Ордабасы" командасының басты ойыншысының осы маусымда алаңға оралуы - үлкен мәселе, бұл оның денсаулығының қалпына келуіне байланысты.

Бауыржан Исламхан Қазақстан чемпионатының 20-турында "Ордабасы" өз алаңында "Қайратты" қабылдаған кезде жарақат алған. Ол кезде ойын эпизодтарының бірінде жартылай қорғаушы денсаулық жағдайына байланысты алаңнан кеткен болатын.


Бауыржан Исламхан, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 18:22

Сурет: Instagram/fc__ordabasy


30 жастағы футболшы жақында ғана қатарға қайта қосылған еді. Ол кезде ел чемпионаттың бірінші айналымында алматылық клубпен өткен матч барысында жарақаттанып, емделген болатын. Айта кетсек, Исламхан көптеген жылдар бойы "Қайраттың" капитаны және көшбасшысы болды.

Осы маусымда оңтүстік команданың намысын қорғаған Бауыржан 10 ойын өткізіп, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас бере білген. 


Бауыржан Исламхан, Германия, ота , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 18:22

Сурет: Instagram/fc__ordabasy


Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің айтуынша, тағы бір қазақстандық басты ойыншы Михаил Габышевқа да ота  жасалған. "Астана" клубының футболшысы Габышев пен Исламхан ұлттық құраманың негізгі мүшелері болып саналады, өкінішке қарай, олар Еуро-2024 біліктілік матчтарында Финляндиямен (7 қыркүйек) және Солтүстік Ирландиямен (10 қыркүйек) бетпе-бет келетін өз әріптестеріне көмектесе алмайды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: