Жаңартылған WTA рейтингісінде Елена Рыбакинаға қай орын бұйырады

Елена Рыбакина, WTA, теннис, рейтинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2023 17:46 Сурет: apnews.com
Қазақстан теннисші Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингідегі орны АҚШ ашық чемпионаты (US Open) аяқталғаннан кейін қайта анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана уақыты бойынша өткен түні АҚШ ашық чемпионаты финалында беларусь теннисшісі  Арина Соболенко америкалық Кори Гауффқа 6:2, 3:6, 2:6 есебімен жол беріп қойды. Турнир чемпионы атағы 19 жастағы америкалыққа жаңартылған WTA рейтингісінде алтыншыдан үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік бермек, демек Рыбакина төртінші орынға сырғиды, деп хабарлайды Sports.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы Соболенко болады, сөйтіп ол Польша теннисшісі Ига Швентектің орнына жайғасады.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: