Аружан Сағандықова ересектер арасындағы алғашқы титулын жеңіп алды
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисшілер Аружан Сағандықова мен Жібек Құламбаева жанкүйерлерін кезекті жеңісімен қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Монастирде (Тунис) ITF World Tennis Tour W15 турнирінде 18 жастағы Аружан Сағандықова ересектер арасындағы жеке турда алғашқы титулын жеңіп алды.
Финалда қазақстандық спортшы үндістандық Ваишнави Адкарды 7:6 (8:6), 6:0 есебімен ұтты.
"Бұл титулды жеңіпа алғаныма өте қуаныштымын. Есімде мәңгі қалады. Қазақстан теннис федерациясына, жаттықтырушылар құрамы мен, әрине, ата-анама маған қолдау көрсетіп, сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді", - деді Сағандықова марапаттаудан кейін.
Ал Жібек Құламбаева литвалық теннисші Юстина Микульскитемен бірге жұптық сында Скопьедегі (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінде жеңіске жетті.
Сурет: ktf.kz
Финалда Құламбаева/Микульските жапониялық Саиго/Саиго 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Бұл - Жібектің ITF жұптық сериясындағы биылғы бесінші және карьерасындағы 24-титулы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript