Юлия Путинцева Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Юлия Путинцева, Қытай, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 19:45 Сурет: sports.kz
Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева (әлемнің 81-ракеткасы) Гуанчжоудағы WTA 250 турнирінде жекелей сында үшінші матчын да сәтті өткерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз неміс теннисшісі Татьяна Мариямен (әлемнің 48-ракеткасы) бақ сынасты.

Юлия Путинцева үш сетте де 6:4, 6:7, 6:0 есебімен басым түсіп, аталған матчта жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 49 минутқа созылды.

Юлия Путинцева енді өзара бақ сынасатын Польша өкілі Магда Линетт немесе испаниялық Ребека Машарованың біреуімен сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Қытайдағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: