Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық балуан қыз әлем чемпионатынан қола жүлде жеңіп алды

Астаналық балуан қыз әлем чемпионатынан қола жүлде жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2023 16:31 Сурет: Астана әкімдігі
Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында жерлесіміз Жәмилә Бақбергенова қола жүлде алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Үшінші орын үшін бәсекеде польшалық Наталья Сразалканы 4:1 есебімен жеңді. Бұл - 27 жастағы елордалық спортшының дүниежүзі бәсекесіндегі қатарынан үшінші жүлдесі. Ол 2019 жылы Ослода, былтыр Белградта күміс жүлдеге ие болған.


"Жәмилә – мұндай нәтижеге қол жеткізген әйелдер арасындағы тұңғыш қазақ балуаны. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола). Астананың балуаны чемпионаттан кейін Ұлттық құрамамен елге оралып, Қытайда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына дайындықты бастайды. Ханчжоу қаласында ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 келі салмақта күреседі", - делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Жалпы Сербия астанасындағы балуандар додасы 24 қыркүйекте мәресіне жетеді. Осы аралықта 77 мемлекеттен жиналған 1000-ға тарта спортшы өзара мықтыны анықтап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: