Ризабек Айтмұхан Үшкемпіровтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Ризабек Айтмұхан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2023 23:30 Сурет: instagram.com/drs_kz
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Астанаға барған бойда Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров көзі тірісінде еркін күрестен әлем чемпионы шығуын армандаған еді. Міне, бүгін Ризабек Айтмұхан елордаға келген бойы ең алдымен жекпе-жек сарайы алдында орналасқан Жақсылық ағаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, даңқты палуанға құрмет көрсетті", - делінген хабарламада.

Еске салайық, еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балуанға құтты болсын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: