Токиодағы жарыс алдында Елена Рыбакина ашулы: Рақмет сендерге!

Елена Рыбакина, Токио, теннис, WTA, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2023 10:58 Сурет: usopen.org
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Токиодағы турнир басталмас бұрын WTA-ның қабылдаған шешіміне ашуланып, наразылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина Instagram-дағы парақшасында ұйымдастырушылар соңғы сәтте ғана жарыс ережесін өзгерткеніне өз шағымын білдірді. 

"Тура соңғы сәтте ережені өзгерткендеріңіз үшін рақмет. Әдеттегідей, WTA-ның керемет шешімі", деген сарказмға толы жазбасына Рыбакина қошемет, цирк және сайқымазақтың эмодзилерін де іле кетіпті. 


Сурет: әлеуметтік желіден алынды


Токиода (Жапония) WTA-500 санатындағы турнир 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина чех теннисшісі Лида Носковамен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: