Медьедович, Корда, Маннарино және Офнер Астанадағы турнирдің жартылай финалында ойнайды

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2023 21:33 Сурет: ktf.kz
Жексенбіде, 1 қазанда Астанадағы ATP 250 турнирінің ширек финалдық матчтары өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдастырушылардан wild card алған сербиялық теннисші, әлемнің 120-ракеткасы Хамад Медьедович ширек финалда әлемнің 28-ракеткасы Иржи Легечканы 6:3, 6:4 есебімен жеңіп кетті.

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2023 21:33

Хамад Медьедович. Сурет: ktf.kz

Енді Хамад Медьедович жартылай финалда АҚШ өкілі Себастьян Кордамен ойнайды. Америкалық теннисші ширек финалда жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген нидерландтық Таллон Грикспорды 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңді.

Себастьян Корда. Сурет: ktf.kz

Франциялық теннисші Адриан Маннарино да турнирдің жартылай финалына шықты. Ол аустриялық Юрий Родионовты екі сетте ұтты - 6:1, 7:6(6). 

Адриан Маннарино. Сурет: ktf.kz

Адриан енді финалдық жолдамаға аустриялық Себастьян Офнермен таласады. Офнер өзінің отандасы, US Open 2020 чемпионы Доминик Тимді 5:7, 6:4, 6:2 есебімен ұтты.


Енді Хамад Медьедович жартылай финалда АҚШ өкілі Себастьян Кордамен ойнайды. Америкалық теннисші ширек финалда жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген нидерландтық Таллон Грикспорды 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңді.

Себастьян Офнер. Сурет: ktf.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: