Доминик Тим Астанадағы турнирдің екінші айналымында ойнайды
Сурет: ktf.kz
Астанадағы ATP 250 теннис турнирі қыза түсті. 28 қыркүйекте жекелей сындағы бірнеше матч өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аустриялық теннисші, әлемнің 81-ракеткасы Доминик Тим Перу өкілі, әлемнің 67-ракеткасы Хуан Пабло Варильяспен кездесті.
Аустриялық теннисші қарсыласын 6:3, 7:6 (10:8) есебімен екі сетте жеңді.
Доминик Тим матч кезінде алты эйс пен төрт қос қате жасады және жеті брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.
Ал оның қарсыласы Хуан Пабло Варильяс бес эйспен көзге түсті. Ол екі қос қате жасап, төрт брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.
Енді Доминик Тим турнирдің 1/8 финалында швейцариялық Стэн Вавринканы жеңген АҚШ теннисшісі Маркос Миронмен ойнайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript