Бейбіт Жұқаев пен Михаил Кукушкин Шанхай мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисшілер Бейбіт Жұқаев пен Михаил Кукушкин Шанхай (Қытай) мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемнің 302-ракеткасы Бейбіт Жұқаев турнирдің 1/32 финалында ресейлік теннисші Карен Хачановпен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласынан 6:7(1:7), 6:4, 2:6 есебімен жеңілді.
Қазақстандық теннисші үш сетке созылған матч кезінде 20 эйс пен төрт қос қате жасады. Ал ресейлік тоғыз эйсті орындап, бір ғана қос қате жіберді.
Ал Михаил Кукушкин екінші айналымда әлемнің 33-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен ойнады. Қазақстан өкілі бірінші сетте 2:6 есебімен жеңілді. Екінші партияда есеп тағы да 0:3 болғанда жарысты жалғастырудан бас тартты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript