Асылжан Есенгелді Албаниядағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Асылжан Есенгелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 09:42 Сурет: United world wrestling
Асылжан Есенгелді 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан бәсекенің финалында Башир Магомедовке (Ресей) есе жіберді. Есеп: 0-4.

Еркін күрестен Ұлттық құрама спортшысы (61 келі) кеше аса тартысты өткен жартылай финалда қырғызстандық Тайырбек Жумашбек уулудан басым түскен. Оған дейін алғашқы белдесуінде жапониялық Каито Моританы, ширек финалда үндістандық палуан Акаш Дахияны сенімді жеңді.

Тиранадағы чемпионат 29 қазанда аяқталады. Биыл мұнда осы жас санатындағы былтырғы 13 әлем чемпионы өз атағын қорғауға келді. Оның ішінде алтауы еркін, төртеуі грек-рим күресінде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: