Қазақстандық теннисші Vienna Open турнирінде жеңіліп қалды

Александр Недовесов , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2023 11:42 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Венадағы хард төсенішіндегі турнирдің жұптық сынында дебюттік кездесуін өткізіп, жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен жұптасып кортқа шықты. Олар ұлыбританиялық-америкалық теннисшілер Кэмерон Норри мен Томми Полға қарсы ойнады. Кездесу турнирдің 1/8 финалы аясында өтті.

Матч 48 минутқа созылды. Ойынның қорытындысы бойынша Недовесов пен Экскобар 3:6, 0:6 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі, 36 жастағы Александр Недовесов әлемдік рейтингіде 44-орында тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: