Бублик Париждегі "Мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 22:30 Сурет: ktf.kz
Александр Бублик Парижде өтіп жатқан ATP 1000 Masters турнирінің екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы бірінші айналымдағы матчта ATP рейтингінде 14-орында тұрған америкалық Фрэнсис Тиафомен ойнады. Ол қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен екі сетте ұтты.

Бубликтің келесі қарсыласы чилилік Николас Гарри болады.

Еске салайық, Александр Бублик мұның алдында Швейцарияның Базель қаласындағы ATP 500 турниріне қатысып, 1/16 кезеңінде әлемнің 8-ракеткасы Каспер Руудтан жеңілді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы оның алдында Бельгияның Антверпен қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирдің чемпионы атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: