Александр Бублик Париждегі турнирдің үшінші айналымында болгариялық теннисшіден жеңілді

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2023 22:33 Сурет: sportskeeda.com
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Париждегі турнирдің үшінші айналымындағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші әлемнің 17-ракеткасы Григор Димитровпен ойнады.

Болгариялық теннисші Григор Димитров Александр Бубликті 6:2, 6:2 есебімен еш қиындықсыз жеңді.

Енді Григор Димитров ширек финалда әлемнің 11-ракеткасы, польшалық теннисші Хуберт Хуркачпен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін  Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: