Александр Бублик Париждегі турнирдің үшінші айналымында болгариялық теннисшімен ойнайды

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2023 22:19 Сурет: ktf.kz
Александр Бублик Париждегі турнирдің үшінші айналымындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, Чили өкілі Николас Харримен шеберлік байқасты.

Александр Бублик қос тай-брейкте 7:6 (7:3), 7:6 (7:3) есебімен басым түсті.

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 17-ракеткасы, болгариялық теннисші Григор Димитровпен кездеседі. Григор Димитров екінші айналымда ресейлік теннисші, әлемнің 3-ракеткасы Даниил Медведеевті жеңді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: