Қазақстан құрамасы биатл мен триатлдан әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 01:07 Сурет: instagram.com/drs_kz
Нуса-Дуа қаласында (Индонезия) биатл мен триатлдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Мұнда 34 елдің 700 атлеті төрт күн бойы өзара шеберлік байқасады, деп хабарлайды Zakon.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Биатлдан аралас эстафетада 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Әнел Исабаева мен Никита Дубинский чемпион атанды.

Сондай-ақ 17 жасқа дейінгілер сынында Юлиана Петрова мен Алмас Савет мәреге үшінші болып келді.

Әлем чемпионаты 5 қарашада мәресіне жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: