Александр Недовесов Болгариядағы турнирде топ жарды

Александр Недовесов, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2023 09:43 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Болгария астанасы Софияда өткен турнирдің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эквадорлық теннисші Гонсало Эскобар мен қазақстандық Александр Недовесов жұбы ұлыбритандық және хорватиялық теннисшілер  Джулиан Кэш пен Никола Мектич дуэтіне қарсы ойнады.

1 сағат 28 минутқа созылған тартысты бәсекеде 6:3, 3:6, 13:11 есебімен Александр мен Гонсало жеңіске жетті.

36 жастағы Недовесов қазіргі уақытта АТР (кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 48-орында тұр. Бұл қазақстандық теннисшілер арасында үздік нәтиже саналады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: