Қазақстан құрамасы Зайнутдинов жөнінде мәлімдеме жасады
Сурет: Instagram/kff_team
Қазақстан футбол федерациясы команда көшбасшысы Бахтиер Зайнутдиновтің Түркия чемпионатында "Бешиктаспен" өткен ойында алған жарақатынан кейінгі жағдайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркия премьер-лигасының аясында "Бешикташ" өз алаңында Ыстамбұлдың "Башакшекир" командасын қабылдаған матчта қазақстандық жартылай қорғаушы ауыр жарақат алған еді. Ойын эпизодтарының бірінде Зайнутдиновтің бетіне қарсылас команданың ойыншысы Джером Опокудің шынтағы тиіп кетті. Дәрігерлер қараған соң Бақтияр бірінші таймның аяғында ойыннан шығып кетті.
Қазіргі уақытта Зайнутдиновтің мұрны сынғаны белгілі болды, оған операция жасалды, жағы да сынған, оған тағы бір ота жасалуы мүмкін.
Алдын ала мәлімет бойынша, Бахтиер алаңға кемінде 10 күн шықпауы мүмкін. Қараша айында Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу циклі аясында екі маңызды ойын өткізеді. 17 қарашада Астанада өз алаңымызда Сан-Мариноны қабылдаймыз. 21 қарашада Қазақстан Люблянада Словенияға қарсы ойнайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript