Жаңалықтар тізбегі
0

Дзюдодан ел чемпионаты елордада өтіп жатыр

Дзюдодан ел чемпионаты елордада өтіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2023 16:58 Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Бұл күндері елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде ерлер – 73, 81, әйелдер – 57, 63 және 70 кг салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Біріншіліктің екінші күніндегі ерлер бәсекесінде Маңғыстау облысының қос спортшысы – Асқар Нарқұлов (73 кг) пен Мейірлан Максим (81 кг) жеңіс тұғырына көтерілсе, әйелдер арасында Ақтөбе облысының өкілі Бақыт Құсақбаева (57 кг), Атырау облысының спортшысы Эсмигул Куюлова (63 кг) және Алматы облысының балуаны Екатерина Токарева (70 кг) өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

Жарыстың марапаттау рәсіміне Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Дзюдодан Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен келген 463 спортшы қатысып жатыр. 

"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының "Отандық спортта әділ бәсекелестік қағидатын орнату керек" деген тапсырмасына сай, биылғы чемпионатқа шетелден арнайы 3 тәуелсіз төреші шақыртылды. Чемпионат қорытындысы бойынша дзюдодан 2024 жылғы ұлттық құрама жасақталады. Барлық спортшыға сайыста сәтті өнер көрсетуіне шын жүректен тілектеспін! Байрақты бәсекеде ең мықтылар жеңіске жетеді деп сенемін", - деді Ермек Маржықпаев.

Жарыс 15 қарашаға дейін жалғасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: