Футболдан Қазақстан құрамасының жеңілістен кейінгі суреттері жарияланды

Футболдан Қазақстан құрамысы, Еуро-2024, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2023 11:20 Сурет: Instagram/kff_team
Еуро-2024 жолдамасы үшін ойында Қазақстан құрамасы словениялық бәсекелестеріне есе жіберді. Қазақстан футбол федерациясы жеңіліске ұшыраған алаңнан фотолар мен видеолар жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 қарашаға қараған түні Люблянада Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасы мен Словения құрамасының арасында тарихи кездесу өтті.

Кездесудің соңғы минуттарында алаң иелері қазақстандықтардан жеңісті жұлып алды. Ойынның нәтижесі 2:1 болды.

Люблянада өткен ойыннан кейін қазақстандық ойыншылардың бапкері кездесудің маңызды сәттерін атап өтіп, ойыншыларды мақтан тұтатынын айтты.

Футбол жанкүйерлері де қолдау білдірді:

  • Бұйырса Германияға Лига Нациймен барамыз сәл кешігіп, біз өзі қазақтар кешігіп болсын барамыз ғой.
  • Жігіттер наурызда бұйырса, Алмания еліне барамыз, Адиев мырза сізге рахмет, Қазақстан құрамасын көтеріп тастадыныз.
  • Тек алға! Жұмыстардың бәрі алда.
  • Біздің футболдың деңгейі көтерілгені көрініп тұр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: