Футзалдан Қазақстан – Нидерланд матчы: федерация жанкүйерлерге үндеу жасады

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2024 элиталық іріктеу кезеңіндегі шешуші ойындардың бірі – Нидерландқа қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Билеттер дүйсенбіде, 4 желтоқсанда сатылымға шығады.
Осыған байланысты Қазақстан футзал құрамасы спортшыларды қолдауға келетін жанкүйерлерге үндеу жасады.
"Айта кетейік, билеттер тек онлайн сатылады. Аренаның айналасында билет сатылмайды. Алып-сатарлардан билет алмауыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін алматылық "Қайрат" УЕФА чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде лиссабондық "Бенфикаға" есе жібергенін жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript