Тоқаев футзалдан Қазақстан - Нидерланд матчын тамашалауда
Сурет: видеодан алынды
14 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Нидерланд командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсету үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ойын Астана уақыты бойынша 20:30-да басталды.
Кездесу футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтіп жатыр.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы биыл екі рет стадионда болып, футболдан ұлттық құрамаға жанкүйерлік танытқан болатын. Ол кезде Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияға және Сан-Мариноға қарсы ойын өрнегін көрсеткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

