Нұрасыл Төлебек бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Нұрасыл Төлебек, бокс, Ереван, әлем чемпионы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 19:46 Сурет: видеодан алынды
Отандасымыз Нұрасыл Төлебек Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бокстан 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық сында Нұрасыл Төлебек үндістандық Жатин Жатинмен жұдырықтасты.

Қорытынды есеп – 4:1, осылайша Нұрасыл әлем чемпионы атанды. 

Бұл - осы додада Қазақстан қоржынына салынған төртінші алтын медаль. 

Алдындағы үш медальды қыздар жеңген болатын. 

Бұдан бөлек Қазақстан қоржынында бес қола медаль бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: