Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан Данияны жеңді

хоккей, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 23:20 Сурет: olympic.kz
Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы екінші ойынын Данияға қарсы өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында A дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салады.

Кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталды.

Будапешттегі кездесу 3:2 есебімен Сергей Старыгин шәкірттерінің пайдасына шешілді.

Бұған дейін бірінші ойында Қазақстан жастар құрамасы Венгриядан басым түсті.

Қазақстандықтар келесі кездесуін 13 желтоқсанда Францияға қарсы өткізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: