Хоккейден әлем чемпионаты: бүгін Қазақстан Латвияға қарсы ойнайды

хоккей, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2024 17:25 Сурет: olympic.kz
Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан командасы топтағы үшінші матчын өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Острова Аренада" Қазақстан мен Латвия құрамалары өзара шеберлік байқасады. 

Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері Францияны 3:1 есебімен жеңіп, Словакияға 2:6 есебімен жол берген болатын. Қазіргі сәтте Қазақстан өз тобында 5-орында тұр. 

Ал Франция мен Польшаны қосымша уақытта жеңген Латвия құрамасы 3-сатыда келеді. 

Екі команда арасындағы матч 19:20-да басталады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: