"Тоқаевтың жанында Жәнібек Әлімханұлы отыр". Қазақстан құрамасы есеп ашты
Сурет: Ақорда
Нидерландыға қарсы ойында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы екі гол соғып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші болып Біржан Оразов ерекше көзге түсе білді. Ол ойын бастала салысымен, Қазақстан құрамасын алға алып шықты. Екінші голдың авторы - Дуглас Жуниор.
Есеп: 2:0.
Сондай-ақ Ақорданың баспасөз қызметі суреттермен бөлісті.
Мемлекет басшысымен бірге Ұлттық құрамаға кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий да қолдау білдіріп отырғаны белгілі болды.
Айта кетсек, алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Нидерланд командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсету үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына келгені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



