Махмұд Сабырхан кубалық боксшыға еш мүмкіндік бермеді

Махмұд Сабырхан, Чемпиондар түні, IBA, кубалық боксшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2023 20:34 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Астанада өтіп жатқан "IBA-ның Чемпиондар түні" бокс кешінде Махмұд Сабырхан кубалық Роландо Мартинес Переспен өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақтың Ломаченкосы" деген атпен танымал Махмұд Сабырхан кубалықты рингте қуып жүріп, "сабады", деп хабарлайды Sports.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қос боксшы алты раунд өткізді. Бұл жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңіс Сабырханға тиесілі деп көрсетті.

Айта кетсек, Махмұд Сабырхан қазіргі әлем чемпионы, ол биыл Ташкентте (Өзбекстан) өткен Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, әуесқой бокстан Сабырхан 2021 жылы Әлем чемпионатының күміс медалын иеленген болатын. 

Айта кетсек, бұған дейін Санжар Тәшкенбай өте тәжірибелі Өзбекстан боксшысын жеңгенін хабарлаған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: