Астанадағы бокс кеші: Бекзат Нұрдәулетов ресейлік қарсыласын жеңді

Бекзат Нұрдәулетов, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2023 23:01 Сурет: olympic.kz
Бекзат Нұрдәулетов ресейлік қарсыласын жеңіп, Қазақстан және Әлем құрамасы арасындағы есепті теңестірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай орта салмақта сынға түскен 2019 жылғы Әлем Чемпионы ресейлік Никита Зоньді 3:0 есебімен жеңді.

Жекпе-жек 6 раундқа созылды. Бекзат төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан және әлем құрамалары арасындағы есеп 3:3 болып, есеп теңесті. 

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан жеңіске жетіп, Асланбек Шымбергенов, Ерасыл Жақпеков пен Серік Теміржанов жеңіліп қалған еді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: