Жаңалықтар тізбегі
0

Шұғыл ота жасалған Илья Ильиннің жағдайы қалай екені белгілі болды

Илья Ильин, ота, тізе жарақаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 22:05 Сурет: Instagram/ilyailyinforever
Қазақстанның ең танымал ауыр атлеті, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тізесіне шұғыл ота жасатты. Дәрігерлер спортшының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тізе жарақатын алған Илья Ильинге академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында ота жасалды. Отаны Артроскопия және спорттық жарақат бөлімінің травматолог-ортопед дәрігері Нұржан Асанов жасады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Илья қазір өзін жақсы сезінеді және операциядан кейін қалпына келу үшін қажетті оңалту курсын алатын болады.

"Менің жағдайым өте жақсы, емдеу штаттық режимде өтті. Емдеуші дәрігерім Нұржан Мұхамеджанұлы Асановқа алғысымды білдіремін, ол өз ісінің нағыз кәсіпқой шебері. Көптеген кәсіби спортшылар ҰҒТО-да емделіп, қалпына келіп жатады. Қазақстанның  травматолог-ортопед дәрігерлері ең үздігі, олар спорттың не екенін біледі, спортшыларды қалай орнына тік қоюды біледі", - деп атап өтті ауыр атлет Илья Ильин.

Ауыр атлет Илья Ильинге 2023 жылдың желтоқсанында шұғыл ота жасалды. Бір күн бұрын спортшы Instagram-да өзінің әйелі Татьяна Гордиенкомен бірге түскен видеоны жариялады. Видеода Ильин ауруханадан шығуға асығып тұрғанын, жаттығуға бел шеше кірісуге дайын екенін айтты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: