Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы жарысында финалға шықты

Анна Данилина, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2024 09:16 Сурет: wta
Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге жартылай финалда франциялық Джессика Понше – чехиялық Анна Шишковаға қарсы ойнады.

Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:2).

Екінші сетте франциялық-чехиялық дуэт қарымта қайырды – 6:4.

Есесіне супер тай-брейкте Данилина – Грунчакова мықтылықтарын мойындатты – 10:7.

Анна Данилина – Виктория Грунчакованың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: