Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыстың жеңімпазы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2024 16:58 Сурет: olympic.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Анна — словакиялық Виктория Хрунчакова финалда чехиялық Мария Боузкова — америкалық Бетани Маттек-Сандспен бас жүлде үшін кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте чехиялық-америкалық дуэт сәтті ойнады — 7:6 (7:5).


"Супер тай-брейкте Данилина мен Хрунчакова жеңісті жұлып алды — 10:8. Осылайша, Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді", - делінген федерация хабарламасында.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: