Бублик пен Путинцеваның Аустралия ашық чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды
Сурет: ktf.kz
Australian Open 2024 турнирінің іріктеу кезеңдері аяқталды, оның қорытындысы бойынша турнирдің негізгі жеребесінің алғашқы айналымындағы барлық жұп анықталды. Александр Бублик пен Юлия Путинцеваның алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик бірінші айналымда үнді теннисшісі Сумит Нагалмен кездеседі. Қарсыластар бұрын кездеспеген. Бублик бұл айналымда жеңіске жетсе, екінші айналымда Маккензи Макдональд (АҚШ) - Цзюнчен Шан (Қытай) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымда ресейлік Анастасия Захаровамен кездеседі. Бұл жұптың үздіктері екінші айналымда Кая Юван (Словения) мен Анастасия Потапова (Ресей) арасындағы текетірестің жеңімпазымен шеберлік байқасады.
Аустралия ашық чемпионаты 14-28 қаңтар аралығында Мельбурн қаласында өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript