Рыбакина Australian Open турниріндегі аса тартысты матчта ресейлік теннисшіге есе жіберді

Рыбакина Australian Open турниріндегі аса тартысты матчта ресейлік теннисшіге есе жіберді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2024 17:57 Сурет: Instagram/wta
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің екінші кезеңіндегі аса тартысты матчта ресейлік теннисшіге есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина екінші айналымда ресейлік теннисші, әлемнің 57-ракеткасы Анна Блинковамен кездесті. 

Алғашқы сетте ресейлік теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші сетте Рыбакина 6:4 есебімен есе қайтарды.

Үшінші, шешуші партия тай-брейкке дейін ұласып, онда ресейлік теннисші жеңіске жетті - 7:6(22:20).

Елена Рыбакина 2 сағат 46 минутқа созылған матч кезінде тоғыз эйс пен екі қос қате жасап, жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, былтыр Australian Open турнирінің финалында ойнаған Елена Рыбакина биыл екінші айналымнан аса алмады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: